Атап айтқанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа туған нәрестелерге берілуі тиіс «Ана мен бала қобдишаларымен» толық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмағаны белгілі болды.
— Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың, оның ішінде нәрестелердің конституциялық құқықтарының бұзылуына әкелді. Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, олардың құқықтары қалпына келтірілді, — делінген хабарламада.
11 нәресте тиісті «Ана мен бала қобдишаларымен» қамтамасызетілді. Әлеуметтік маңызы бар салалардағы заңдылықтың сақталуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Еске сала кетейік, Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы қадағалау барысында денсаулық сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтар анықтап, «Ана мен бала қобдишаларының» берілуін қамтамасыз еткен болатын.