ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысы Арал ауданындағы жанармай құю бекетінде өрт болды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 17 шілдеде сағат 11.43 шамасында аудандық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 101 арнасына Арал қаласындағы «Sinooil май құю бекетінде» өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына аудандық 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 3 негізгі өрт сөндіру автокөлігі мен 10 қызметкер жұмылдырылған. Тілсіз жау 12:00-де толық сөндірілді.
«Өрт жанар-жағармай материалдарына арналған резервуардың жануынан пайда болған. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Арал ауданы әкімдігінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада құрылыс заттары дүкенінен өрт шығып, ондағы тауарлар түгел жанып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.