Қызылорда облысында жүк көлігі өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті маңындағы автожолда жүк көлігі мен оның тіркемесі өртенді.

Фото: ТЖМ

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғада зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті тез арада толықтай сөндірді.

— Жол бойында көлік жүргізушілері қауіпсіздік талаптарын сақтап, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруі қажет. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыздар, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада автотұрақта тұрған 5 көлік өртенген болатын.

Сондай-ақ Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді.