Қызылорда облысындағы ғасырдан астам тарихы бар вокзал жөнделеді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысындағы Қазалы теміржол вокзалына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Ғасырдан астам тарихы бар ғимаратты қайта жаңғырту үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 861,2 млн теңге бөледі. Бұл жұмыс сәуір айында басталмақ.

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Ал бүгінде вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Оған компаниядан 1,3 млрд теңге қаржы бөлінген. 

— Көпір арқылы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінен теміржолдың арғы бетіне күніне 500-ден астам тұрғын қатынайды. Соған сәйкес вокзал ғимаратын қайта жаңғыртумен қатар көпір құрылысын да тезірек, сапалы аяқтауға мән беріледі. Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі, - деді аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет. 

Еске сала кетейік, биыл елімізде 5 теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталды.