«ҚазАвтоЖол» мекемесінің хабарлауынша, аталған жолды 6 желтоқсан күні таңғы сағат 07:00–де ашылады.
Ал Шығыс қазақстан облысында сағат 21:00–де республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашылды.
Дегенмен ауыр және қоғамдық көліктер үшін шектеу сақталады.
Осыған дейін боран, көктайғаққа байланысты Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірі жабылғаны туралы хабарладық.