Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бәйтерек ауылдық округінде әкім сайлауы өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Бәйтерек ауылдық округінде электорат саны – 2490, олардың 1797-сі дауыс берді. Тіркелген 3 кандидаттың бәрі де сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсті.
Нәтижесінде 1498 дауысқа ие болған Жүсіпов Серік Рашұлы ауыл әкімі болып сайланды. Ол 1963 жылы туған, ұлты қазақ, Бәйтерек ауылында тұрады.
Айта кетсек, 10 желтоқсанда Қызылорда облысында аудандық маңызы бар 11 қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Жыл басынан Қызылорда өңірінде 38 ауылдың әкімі сайланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.