Бүгін Қызылорда облысында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

әкімдер сайлауы
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан

Бүгін Қызылорда облысында аудандық маңызы бар 11 қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Таңғы сағат 7.00-де учаскелерде дауыс беру басталды. Алғашқы келген тұрғындарға сыйлықтар үлестірілді. Барлығы 51 сайлау учаскесі құрылған. Онда барлығы 81 мыңнан астам сайлаушы бар.

Саяси маңызды шара Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына қарасты Арал, Қазалы қалалары, Әйтеке би, Тасбөгет кенттері, Талсуат, Қаратерең, Қамыстыбас, Майлыбас, Бесарық, Бестам, М.Нәлібаев ауылдық округтерінде өткізіліп жатыр.

әкімдер сайлауы
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 

Шиелі ауданының тұрғыны Сәнтай Байдарбеков 30 жылдан бері тұрақты түрде сайлау науқанынан қалмай келеді. Ол немересімен бірге №296 сайлау учаскесінде таңдауын жасады.

«Халықтық істе әрдайым бірлік танытуымыз керек. Мен сайлаудан қалған емес. Себебі туған жеріміздің дамуына әрбір азамат ынталы болуы керек деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кету керек, сайлауда 32 азамат кандидат ретінде үміткер. Олардың 26-сы өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсіп жатыр.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері осы кезге дейін аймақта 26 ауыл әкімі сайланды

Бұдан бұрын Қызылорда облысында екі ауданда әкім сайлауы өтті.

Соңғы жаңалықтар