Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, акция барысында жойылуға тиіс 213 қару қабылданды. Оның басым бөлігі – тегіс ұңғылы және газды-травматикалық қару.
- 213 қару қайта пайдалану мүмкін емес, яғни жарамсыз күйге келтірілді. Белгіленген тәртіпке сәйкес барлығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемесіне жою үшін жіберіледі. Іс-шара заңсыз қару айналымының алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, - делінген хабарламада.
Ал жақында Алматыда қару мен оқ жасырылған орын анықталды.