Kazinform тілшісі көтерген мәселеге орай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбілпатта жауап берді.
- Облыстық көпбейінді медицина орталығына қатысты бұған дейін де проблема болды. Орталықта медициналық қалдықты өртеуге арналған пеш бар. Соны іске қосқан кезде жақын маңдағы тұрғындар түтіннің иісі келетініне шағымданып, арыз жолдап жүрді. Аурухана медициналық қалдықты әлі күнге дейін өртеу әдісімен жояды. Басқа медициналық ұйымдарда мұндай пеш қарастырылмаған. Әр аурухана жылдың соңына қарай келесі жылға арнап медициналық қалдықты жою бойынша мекемелермен келісімшарт жасайды. Мердігер белгіленген уақытта емдеу ұйымынан шыққан медициналық қалдықты алып кетіп тұрады, - деді ол.
Ал бұған дейін Оралда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан шыққан түтіннен тыныс алу қиындағаны жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат жарияланды.