Олардың заңға қайшы әрекеті облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына іліккен.
— Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтарға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, яғни жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімдеді. Құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы жол апатына әсер ететін бірден-бір фактор ретінде атап отыр. Азаматтардың арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбай, жолдың кез келген жерінен кесіп өтуі өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушы өзгелерге де қауіп төндіреді.
Ал жуырда Қызылордада жаяу жүргіншіге жол бермеген көліктерді анықтайтын жүйе іске қосылды.