Тексеру барысында кейбір кәсіпкерлік нысандарында абаттандыру және тазалық талаптарының сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерту берді.
— Биылғы 7 айда абаттандыру қағидаларын бұзудың 9 мыңнан астам, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 1 932 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 7 163 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды, — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Ал жуырда Атырау облысында үйі мен ғимаратының айналасын талапқа сай күтіп ұстамаған 419 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.