«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы метеоболжау бөлімінің бастығы Әйгерім Жөкелованың айтуынша, сәуір айында ауаның орташа айлық температурасы 13 16°С шамасында, яғни нормадан 1°С жоғары болмақ. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын әдеттегі көлемде (11-22 милиметр) түседі.
- Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз 18 23°С мен 23 28°С, ал түнде 2 7°С мен 10 15°С аралығында ауытқиды. Онкүндіктің соңында аздап төмендейді. Жаңбыр бірінші онкүндіктің ортасында және соңында күтіледі.
Онкүндіктің басы мен аяғында күндіз 23 28°С, ортасында 15 20°С, түнде 5 10°С, 0 5°С шамасында.
Онкүндіктің ортасында үсік күтіледі. Жаңбыр жиілейді.
Үшінші онкүндікте күндіз 30 35°С пен 17 22°С, түнде 10 15°С мен 3 8°С аралығында құбылады.
Айдың соңына қарай жаңбыр жауады.
Ал мамырда орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады ( 21 23°С). Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың солтүстік жартысында нормадан төмен, оңтүстік жартысында норма (10-23 милиметр) шамасында, - деді Әйгерім Жөкелова.
«Қазгидромет» өкілі жаз мезгіліне арналған күн райын да жариялады.
- Маусым мен тамыз айларында ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болып, жауын-шашын әдеттегіден аз түседі. Шілде айында ғана ауа температурасы ( 26,9, 29,3°С) және жауын-шашын қалыпты көрсеткіште (3, 8 милиметр) болады, - деді ол.
Бұған дейін біз Солтүстік Қазақстан облысына арналған синоптиктердің болжамын жариялаған болатынбыз.