Аудиторлық іс-шара барысында, сонымен қатар ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы, прокуратура органдарының ұсынысы және тексеру комиссиясының материалдары негізінде әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды.
- Осындай аудит объектілерінің 103 лауазымды тұлғасына қатысты 336 әкімшілік хаттама толтырылды. Есепті кезеңде аудиторлық іс-шараларға сәйкес заңнама талабы бұзылған 5 аудит материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды, - деді департамент басшысы Ербол Күзембаев.
Ведомство қызметкерлері аудиторлық іс-шара нәтижесінде бұзушылықтарды анықтап, оған жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар берді.
- Заңсыздықтардың алдын алу бағытында да қарқынды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында камералдық бақылау орнатылған. Еңбекақы төлеуге қатысты бұзушылықтардың алдын алу үшін онлайн бюджеттік мониторинг құралдары қолданылып, онлайн режимде қаржылық тәртіптің сақталуы қатаң бақылауда, - деді Ербол Күзембаев.
Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы мониторинг тобы Қостанай облысындағы акушерлік, гинекологиялық және педиатриялық қызметтердің жұмысына кешенді аудит жүргізіп жатыр.