ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі баспалдақтың темір қоршауына басы қысылып қалған баланы құтқарды.
Оқиға Қызылорда қаласындағы «Арай» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінде болған.
- Төтенше жағдайлар қызметіне қала тұрғынынан баласының басы баспалдақтың темір қоршауына басын тығып, қайта шығара алмағаны туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, гидравликалық құралмен темірді кесті. Осылайша баланың басын темірден шығарып берді. Бала аман-есен. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірді, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада трансформатордың жануы салдарынан қаланың бірқатар бөлігі жарықсыз қалып, ол біршама уақыттан кейін қалпына келтірілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.