Қызылордада белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
21:11, 11 Шілде 2024
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Әлеуметтік желіде белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол жергілікті құрылыс компаниясының бірінің басшысынан ақша бопсалаған. Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды», — деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды.