Мамандар жылу беру маусымына дайындық жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілгенін атап өтті.
– Бүгінге күнге орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан (544 білім, 247 денсаулық, 288 мәдениет және спорт нысаны) толығымен жылуға қосылуға дайын. Жылу желілерін жаңғырту бойынша Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылды. Жоба бойынша 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада.
Басқарма өкілдері тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылуға қосу жұмысы кезекпен жүзеге асырылатынын жеткізді.
Бұған дейін біз Ақтауда да жылу беру маусымы 7 қазаннан басталатынын жазғанбыз.