ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада полицейлер дариядағы мұз жарылып, суға құлап кеткен екі жасөспірімді құтқарып қалды.
Қызылордалық полицейлер Сырдария өзенінің аумағында патрульдеу жұмысын жүргізіп келе жатқан еді. Сол сәтте суға батып жатқан балаларды байқап, оларды құтқарып қалуға күш салды.
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан 14-15 жастағы ұл және қыз баланы арқан салыып, құтқарып алды. Одан кейін полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырды. Жасөспірімдер ойнап жүріп, мұзға шыққан. Бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, ұл бала суға құлап кеткен. Қыз бала оған көмектесуге тырысқан, өзі де содан кейін суға түсіп кеткен», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 25 пәтерге түскен ұры ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.