ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары жүргізілді.
«Жедел іздстіру шарасы барысында өткен жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол адам ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады», - деп мәлім етті Қыылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасында жасөспірімнің өліміне себеп болған жүргізуші сотталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.