Қызылордада жол-көлік оқиғасында жасөспірімнің өліміне себеп болған жүргізуші сотталды

сот
Фото: Kazinform

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында алкогольдік мас күйде жол-көлік апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші сотталды. Оқиға барысында бір жасөспірім көз жұмды.

Шиелі аудандық сотында оған қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алкогольдік мас күйде болған жүргізуші өзінің басқаруындағы көлік құралымен «Шымкент-Самара» тас жолы бойында жәбірленушінің басқаруындағы көлікке жол бермеген. Салдарынан жол-көлік оқиғасын жасаған. Содан кейін оқиға болған жерден кетіп қалған.

«Оқиға барысында екінші автокөлікте келе жатқан жасөспірім бас тұсынан ауыр жарақат алып, Шиелі аудандық

ауруханасының қабылдау бөлімінде қайтыс болған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, сотталушы алкогольге жеңіл дәрежеде мас болған. Сот үкімімен ол ҚР Кылмыстық Кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі және 347-бабымен кінәлі деп танылды. Аталған Кодекстің 58-бабы 2-бөлігі қолданылып, ол көлік құралын жүргізу құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды. Оған түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Шиелі аудандық сотынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада «Уаз» көлігі жолаушылар автобусына соғылды.

 

Соңғы жаңалықтар