05:48, 22 Ақпан 2024 | GMT +5
Қызылордада «Уаз» көлігі жолаушылар автобусына соғылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында УАЗ автокөлігі жолаушылар автобусына соқтығысты. Оқиға салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға 21 ақпан сағат 18:45 шамасында облыс орталығындағы Абай мен Ғ. Мұратбаев көшелері қиылысында болған.
«Жолаушылар автобусы мен УАЗ автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға полиция басқармасының арыздар мен құжаттарды тіркеу кітабына тіркеліп, тиісті материалдар жинақталып жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, автобуста болған бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйіне қайтарылған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қоғамдық көлікке соғылған «ГАЗель» көлігінің кабинасы жанып кеткен еді.