Облыстық полиция департаменті оның басым бөлігі, яғни 1107-сі белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру, 694-і жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі талаптарын сақтамау деректері екенін атап өтті.
— Маневр жасау қағидаларын бұзудың 265, көлік құралын масаң күйде басқарудың 20, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзудың 167 жағдайы анықталды. Сондай-ақ көлік құралын басқаруға қажет құжаты жоқ немесе басқару құқығына қатысты талаптарды бұзған жүргізушілерге байланысты 228 дерек есепке алынды, — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары тазалық талаптарын бұзудың 270 дерегіне тосқауыл қойды. Оның 30-ы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігімен, қалғанына қатысты кодекстің 505-бабымен 240 хаттама рәсімделді.
Айта кетейік, Жамбыл облысында полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 391 құқықбұзушылықтың жолын кесті.