Сот бұрынғы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (МҚК) директоры мен шеберге қатысты үкімді азаматтық талап бөлігінде жойып, істі осы бөлігінде басқа құрамдағы соттың қарауына жолдады.
Бұған дейін сот оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі бойынша соттап, зардап шеккендердің пайдасына материалдық және моральдық шығындарды өндіріп алу туралы шешім шығарған.
Бас прокуратураға зардап шеккендердің өкілінен сотталғандардың шығынды төлемей жатқаны туралы өтініш түскен.
Істі зерделеу барысында прокуратура еңбек инспекциясының қорытындысын анықтады. Оған сәйкес, жұмысшылардың кінәсі 0%, ал жұмыс берушінің, яғни заңды тұлғаның кінәсі 100% болған.
Азаматтық кодекстің нормаларына және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысындағы түсіндірмелерге сәйкес, қоршаған орта үшін жоғары қауіптілігі бар әрекетпен айналысатын кәсіпорындар осы қауіп көзінен келген зиянды өтеуге міндетті.
Осыған байланысты Бас прокуратура жоғары қауіптілік көзінен келген зиян үшін жауапкершілік қызметкерлерде емес, кәсіпорында болуы тиіс екенін атап өтті.
Осы ұстанымға байланысты прокуратура МКК-ны азаматтық жауапкер ретінде тарту үшін сот актілерін азаматтық талап бөлігінде жою туралы кассациялық наразылық енгізді.
Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырды. Үкімнің азаматтық талап бөлігін күшін жойып, қылмыстық істі осы бөлігінде қарау үшін істі басқа құрамдағы сотқа жолдады.
Осыған дейін Павлодар сотының банктің жетім азаматқа мемлекеттік қолдауды тоқтатуын заңсыз деп таныды.