ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Оқиға 20 қаңтарда қаланың орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесіндегі бес қабатты үйде болған. Бесінші қабаттан ер адам секіріп кеткен.
- Ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол қалалық ауруханада ем алып жатыр. Қылмыстық іс тіркелді. Себебі мен мән-жайы анықталуда, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарды.
Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай оқиға орнына барғанда үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып тұрғанын көреді.
Дереу ер адамды құтқаруға әрекет жасалды. Осылайша оны өлімнен арашалап қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.