Қызылордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарды.

Қызылорда облыс
Фото: Қызылорда облысы ПД

Бүгін 102 кезекші пультіне сағат 15:30 шамасында Қызылорда қаласындағы тұрғын үйдің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген шақырту түсті.

Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай оқиға орнына барғанда үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып тұрғанын көреді.

- Дереу ер адамды құтқаруға әрекет жасадық. Осылайша оны өлімнен арашалап қалдық. Ол кісі жедел жәрдем мамандарына тапсырылды, - деді патрульдік полиция қызметкері Айдархан Кенжебекұлы.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттық ұланының офицері Қызылордадағы көп қабатты үйлердің бірінде өрттің алдын алды.

Соңғы жаңалықтар