ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында 15 адамның пәтерін жөндеп беремін деп алдап кеткен құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Тұрғындар келісілген соманың алғашқы жарнасы ретінде оның жарты бөлігін компанияға берген. Олардың ішінде 6,5 млн теңге беріп, алданып қалғандар бар.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (алаяқтық дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», — деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 190 дерегі анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.