Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 190 дерегі анықталды

полиция
Фото: Наталья Зинченко/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысында «Браконьер» іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 190 дерегі анықталды.

Облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты — табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

«Жүргізілген рейдтік шаралар барысында полицейлермен ақпан айының 20 күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 190 дерегі анықталды. Оның 6-уі қылмыстық іс және 184-і әкімшілік құқық бұзушылық деректер. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың — 133, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидасын бұзудың 15 дерегі белгілі болса, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың 9, аңшылық қаруды сақтау ережесін бұзудың 27 дерегі анықталды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасында жасөспірімнің өліміне себеп болған жүргізуші сотталды.

Соңғы жаңалықтар