Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, сондай жұмыс Жалағаш ауданында атқарылды. Жұмыс барысында Шәменов ауылдық округінің күріштік алқаптарынан шамамен 20 мың балық шабағы құтқарылып, белгіленген тәртіпке сәйкес Бәйбіше көліне жіберілді.
– Қазалы ауданының Ақтан батыр елді мекені маңындағы қашыртқы каналынан 30 мың балық шабағы құтқарылды. Оның 10 мыңға жуығы – табан, қалғаны – мөңке. Балық шабақтарының бір бөлігі резервтегі Тұздыкөл көліне, сондай-ақ Сырдария өзеніне жіберілді. Бұл жұмысқа 8 адам және 2 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Бұл іс-шара су биоресурсын сақтау, оның табиғи популяциясын тұрақтандыру және күріштік алқаптарды игеру кезеңінде балық ресурсына төнген залалды азайтуға бағытталған.
Еске сала кетсек, жуырда Атырауда қалдық суда қалған балық шабақтарының бір бөлігі қырылғанын жаздық.