ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан үш адамнан тұратын топ ұсталды. Олар жеті мал ұрлығына қатысты күдікті саналып отыр.
- Полицейлер мал ұрыларын қылмыс үстінде қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі ірі қара мал күдіктілерден заттай дәлел ретінде алынып, қайтарылды. Тергеу барысында күдіктілердің еркін жайылымда қараусыз жүрген малдарды жасырын ұрлап, автокөлікпен тасымалдағаны анықталды. Мал ұрылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан серіктестік директоры сотталды.
Сондай-ақ бүгін Қарағанды тұрғынының жеңіл көлігіне жылқы тиеп алғанын хабарладық.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.