Қызылордада прокуратура ықпалымен күші жойылған сот қаулыларының саны 60%-ға өсті
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысындағы соттарда прокурорлардың қатысуы міндетті санаттағы 217 азаматтық және әкімшілік іс қаралды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде соттың 3 шешімінің күші жойылып, заңға сәйкестендірілді.
– Өтінішхат бойынша 15,5 млн теңге көлемінде заңсыз пайдаланылған мемлекеттік субсидия және 2,3 млн теңге көлемінде негізсіз төленген жалақы мемлекет бюджетіне өндірілді. 952 әкімшілік іске прокурор қатысып, 24 апелляциялық өтінішхатқа сәйкес сот актілерінің күші жойылды. Өткен жылмен салыстырғанда прокуратураның ықпалымен күші жойылған сот қаулыларының саны 60% өсіп отыр, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.