Қызылордада республикалық маңыздағы жол бойына автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында республикалық маңызы бар KAZ06 Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент автомобиль жолының 1836-шақырымында автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылды.

Фото: Аягөз Ізбасарова \ Kazinform

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәлімдегендей, бұл жүйе ауыр жүк көліктерінің салмақ параметрлерін қозғалыс барысында автоматты түрде өлшеуге мүмкіндік береді.

- Заманауи технология көлік ағынын тоқтатпай-ақ осьтік жүктемені, жалпы салмақты және басқа да қажет параметрлерді тіркейді. Автоматтандырылған өлшеу стансасының негізгі мақсаты – ауыр салмақты көліктердің белгіленген нормадан артық жүк тасымалдауын анықтау, жол жабынының мерзімінен бұрын бүлінуінің алдын алу және автомобиль жолдарының ұзақ қызмет етуін қамтамасыз ету, - делінген хабарламада.

Бұған дейін біз Қызылорда-Сексеуіл автожолын дамыту жобасы аясында облыс орталығында айналма жол құрылысының қарқыны күшейгенін жаздық.

Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асырушы – «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ.