Заманауи технология элементі ретінде енгізілген робот келушілерге Құрылтай сайлауы туралы қысқаша ақпарат беріп, дауыс беру тәртібі жөнінде мәлімет ұсынды.
— Робот көмекші балаларымен бірге дауыс беруге келген сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. С. Толыбеков атындағы № 3 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде 1103 сайлаушы дауыс беруге құқылы, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, өңірде 386 учаске құрылып, 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарып жатыр. Аймақта 500 591 азамат дауыс беру құқылы.
Ал Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы № 123 сайлау учаскесінде келушілерді ерекше кейіпкер — Ұлытаудың табиғи болмысын бейнелейтін «Ұлар» құсы қарсы алды.