ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында жол бойындағы талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті.
Оқиға облыс орталығындағы Сүлейменов көшесі №37 тұрғын үйдің тұсындағы жол бойында бүгін, сағат 2.25 шамасында болған.
«Жол бойындағы талға соғылған «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанды. Өрт сағат 2.39 минут өткенде толық сөндірілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі бөлімі, жедел жәрдем бригадасы, Қызылорда электр тарату торабынан мамандар қызмет атқарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 4 мың бөдене асырап отырған фабрика өртеніп кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.