Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, министрліктіктің елдегі 110 мектепте оқушыларды дронды басқаруға үйрету туралы тапсырмасына сәйкес тағы 20 мектепке дрон сатып алынады.
- Білім беру саласын цифрландыру және интерактивті технологияларды оқу процесіне енгізу бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінде 6 IT мектеп-лицейге жасанды интеллект элементтерін тереңірек меңгерту үшін адам тәрізді роботтар алынды. Өткен жылы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 64 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесі талапқа сәйкестендірілді, - деді басқарма басшысы Асқарбек Есжанов.
Аймақтағы білім ошақтарына 484 интерактивті панель алынып, 14 мектеп ЛЕД-экрандармен жабдықталды. Бастауыш сынып оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балалар үшін
17 интерактивті логопедті құрылғы орнатылды.
Бұған дейін біз биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 112 мектеп пайдалануға берілетінін жазғанбыз.