Қызылордаға халықаралық көне көліктер керуені келді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Әлемнің 22 елінен ретротехникаға қызығушылық танытқан 287 адамнан тұратын «Бейжің - Париж 2024» автошеруі Қызылорда қаласында болды.
Фото: Пірмұхамед Сыздық
Қытай астанасы Бейжің қаласынан 18 мамырда жолға шыққан автошеруге қатысушылар екі аптадай уақыттан кейін Қызылорда қаласында аялдады. Көне көліктердің ішінде ең ескісі 110 жыл бұрын шығарылған американдық «LaFrance» көлігі екен. Автокөліктердің орташа жасы 88 жылды құрайды.
Фото: Пірмұхамед Сыздық
Автошеруге қатысушылар Бейжіңнен шыққан кейін Үрімші арқылы Қазақстан шекарасына өткен. Содан бері Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарын басып өтіп, Қызылорда қаласына келді. Аталған шара кезінде полицейлер қауіпсіздік шараларын, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Шеруге қатысушылар тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. Енді олар Ақтау арқылы Бакуге өтіп, шеруді 23-маусымда Парижде аяқтайды. Арақашықтығы - 14 мың шақырым.
Айта кетсек, археологтер Қызылорда облысындағы Жанкент шаһарының іргетасы бесінші ғасырда қаланған деген болжам айтып отыр.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.