ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін сатумен айналысқан екі тұрғынды қолға түсірді.
Бұл бағытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
- Іс-шара барысында Арал ауданы Сексеуіл кентінде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың дериваттарды сатумен айналысатын адамдар құрықталды. Олардан 2038 дана киікті мүйізі, электрондық өлшегіш таразы және 2 көлік құралдары тәркіленді. Ұсталғандар тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғын сотталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.