Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғын сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғын сотталды
Фото: Kazinform

Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Аталған шара барысында деструктивті діни ағым ұстанатын 36 жастағы ер азамат әлеуметтік желіде экстремистік материалдарды таратқаны анықталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бес адам сотталды. 

Соңғы жаңалықтар