ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында полицейлер үш жыл бұрын жасалған қылмысты ашты.
Оқиға 2021 жылғы 21 ақпанда болған. Сол күні кешкі уақытта «Шымкент-Самара» тас жолының бойындағы жанармай құю бекетіне бетперде киген белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасаған. Кассир мен күзетшіні қарумен қорқытып, ақшаны алып кеткен күдікті бірнеше жыл бойы бой тасалаған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол Шиелі ауданының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ведомство мәліметінше, тұрғылықты жері бойынша заттай дәлел ретінде қолдан дайындалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Күдікті қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында заңсыз мазут сатқан екі кәсіпкер жазаға тартылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.