Қызылорда облысында заңсыз мазут сатқан екі кәсіпкер жазаға тартылды

Қызылорда облысында заңсыз мазут сатқан екі кәсіпкер жазаға тартылды
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында заңсыз мазут сатқан екі кәсіпкер жазаға тартылды.

Қызылордалық екі кәсіпкер мұнай өнімдерін шығару заңдылығын растайтын құжатсыз аса ірі мөлшердегі мазутты иеленген. Олар заңсыз өнімдерді сақтап, өткізіп отырған.

Заңсыз іс барысында У.Н. қылмыстық құқық бұзушылықтан түскен мүлікті мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған өзге мүлікті заңды айналымға тартып, оны заңдастырып отырған. Ал сотталушы Ж.Е. жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы қызметін атқарса да, серіктесіне мазут өнімін заңсыз жолмен өткізуге жәрдемдескен.

Бұл мақсатта Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Тексеру барысында аталған екі азаматтың 2022-2023 жылдар аралығында заңды құжатсыз 1023 тонна «М-100» маркалы мазутты мұнай өнімдерін шығарғаны анықталды. Оның жалпы құны – 58 223 514 теңге.

Тергеу бойынша У.Н. ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал Ж.Ε. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айырылды.

Олардың әрқайсысынан жәбірленушілердің өтемақы қорына 69 мың теңге мәжбүрлі төлем өндіріледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада зейнеткерді тонап кеткен күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар