Айта кетейік, өткен түнде дрондардың соққысы салдарынан Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалының әкімшілік ғимараты зақымданды.
Бұл тұрғыда вице-министр мұнай тасымалына қатысты негізгі желінің жұмысы қалыпты екенін айтты.
— Қазір барлық жүйе тұрақты режимде жұмыс істеп тұр, — деді Ерлан Ақбаров Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, биыл 14 қарашада Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы мұнай терминалындағы жағдайға түсінік берген еді. Сол кезде дрондардың шабуылы салдарынан «Шесхарис» кешеніндегі мұнай базасы зақымданғаны мәлім болды.
Оған қарамастан, «Атырау — Самара» және «Ақтау — Махачкала» бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылды.