Оқиға Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында болды. Сәби сынап жұтып қойып, уланып қалған. Сол кезде медбикеге клизма жасау тапсырылады.
«Медбике бізде екі айдан бері жұмыс істеп жатыр. Жас маман. Мынадай оқиға болған соң тексеру жүрді. Бала екі жаста. Клизма жасаған кезде қалпақшасы кіріп кеткен. Қорқып, ешкімге айтпаған. Тексеріп, анықталды. Бала үшін қауіпті емес. Үлкен дәретімен шықты. Қазір бала үйінде. Ешқандай шағым жоқ», - деді Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.
Оның айтуынша, оқиғадан соң бөлімнің бас медбикесіне, сонымен бірге жас маманға сөгіс берілді. Қазіргі кезде жас маман біліктілігін арттыруға жіберілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде өгей әке-шешенің тәрбиесіндегі балалар ерекше бақылауға алынды. Таяуда Бас прокуратура «Е-превенция» жобасын таныстырды.