«КМК Мұнай» АҚ мұнай өндірісін 10 есе арттырады

АҚТӨБЕ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы «КМК Мұнай» АҚ мұнай өнім өндірісін арттырып, 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Осылайша мекеме аталған көрсеткіштер бойынша «СНПС Ақтөбемұнайгаз» және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нен кейін үшінші орынға жайғасады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әріптестік бойынша меморандумға қол қою барысында мәлім етті.

«2011 жылы компания шамамен 70 мың тонна мұнай өндірді, 2012 жылы мекеме бұл көрсеткіштерден асып, мұнай өндірісін 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр», - дейді әкім.

Әкімнің сөзіне қарағанда, алдағы 2-3 жылда Ақтөбе облысы жылына 8 млн. тонна мұнай өндіру деңгейіне жетуі тиіс.