Қазақстанның әйелдер құрамасы 9–12-орындар үшін Өзбекстан командасымен кездесті.
Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Буллит сериясында отандастарымыз 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің қорытындысы бойынша 9-орын үшін таласады. Командамыздың келесі қарсыласы кейінірек анықталады.
Осыған дейін Елдос Сметовтің Азиадада алғашқы қарсыласын таза жеңгені туралы жаздық.