Қоғамды ақпараттандыру үшін ұйымдастырушылық перспективалар құрылуда– сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамды ақпараттандыру үшін жаңа ұйымдастырушылық перспективалар жасалып жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жосарт Тоқаевтың Жарлығыменмеморгандардың халықпен ақпараттық өзара іс-қимылы бойынша блогы күшейтілді.Біріншіден, ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымында Орталық коммуникацияларқызметі құрылды. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жәнеқоғамдық-саяси жағдай туралы жедел хабарлауға, сондай-ақ қоғамды ақпараттандыруүшін жаңа ұйымдастырушылық перспективаларды құрады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаеваның ҚРПрезидентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қараудыбақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.Осындай қадамдар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейтудің жәнемемаппараттың халықпен жақындауының ең маңызды тетіктерінің бірі ретінде тиістіинститутты күшейту бойынша Мемлекет басшысының жұмысының жүйелігін байқатыпотыр.

«Аталған бөлімді Президент көмекшісінің басқару фактісі мемлекеттікбасқару жүйесін реформалау барысын бақылауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке өзініңқатысып тұрғандығын білдіреді. Айта кетейік, ҚР Президенті ӘкімшілігініңӨтініштерді қарауды бақылау бөлімінде тиісті жұмыс үшін қажетті база бар.Бүгінде Қазақстанда азаматтардың өтінімдері үшін бірқатар тетіктер қарастырылған,олар қағаз түрінде және электронды нұсқада қамтылған», - деді Жанар Санхаева.

Сонымен бірге, ведомстволардың бірінші басшылары іске асырып келгеназаматтарды қабылдау шаралары, телефон арқылы байланысқа шығу, қоғамдықкеңестер және басқа да алаңдар бар.

«Осы арқылы жаңа тағайындау шешімдерді қабылдау процесіне азаматтардыбелсенді кірістіру арқылы өтініштер институтын реформалауды күшейтіп отыр. Бұлөз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесін кешенді реформалау мәселесінде маңыздыэлемент болып саналады», - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құружөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Президент Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталықкоммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды.