Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
- Облыс аумағында 90 ұлттың өкілі тұрып жатыр, 19 этномәдени орталық ашылды. Біздің мақсатымыз осында тұратын ұлттар арасында келісім, өзара түсіністік және достықты бекіту. Мұндай мақсатты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қойып отыр. Тұрғындар арасында өзара түсіністік болған жағдайда ғана тұрақтылық болады. Қоғам мен билік өзара тығыз жұмыс жасау керек, сол кезде оң нәтижеге қол жеткіземіз, - деді Бердібек Сапарбаев.
ҚХА Төрағасының орынбасары Қоғамдық келісім кеңесінің құрылу тарихын баяндай келе, осы органның алдында тұрған мақсаттар мен тапсырмалар туралы айтып берді.
- Мемлекет басшысы мемлекеттік құрылыстың жаңа сатысында Ассамблеяның негізгі мақсаты тек этносаралық емес, бірінші кезекте қоғамдық келісімді де қамтамасыз ету керектігін айтты. Осыған орай ҚХА қызметіне белгілі өзгерістер енгізілді. Қоғамдық кеңестер кез келген өзекті мәселені талқылайтын диалог алаңына айналуы тиіс, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Тек Ақтөбе облысында ғана 157 кеңес қызмет етеді.
Ералы Тоғжанов қоғамдық келісім кеңестері жұмыстарының тиімділігін де атап өтті. Оның пікірінше, кеңестердің барлық жұмысын күннің өзекті-ақпараттық тәртібіне сәйкес, идеологиялық жолға қою керек, халықты толғандыратын өзекті мәселелерді қараған кезде тетік ретінде рөлін күшейту керек, тұрғындардың қатысуымен нақты ұсыныстар мен конструктивті шешу жолдарын қамтамасыз ету қажет, қоғамдық кеңес жұмыстарын жетілдіре түсу керек.
Семинар барысында сондай-ақ көші-қон процестерін реттеу мәселелері, сонымен бірге діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және олармен күрес мәселелерін реттеу барысы қаралды