Қоғамдық штабтарда 3 мыңға жуық ерікті ақтөбелік азамат жұмыс істеуде

АҚТӨБЕ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штабтың мүшелері 1200 астам Ақтөбе азаматы қатысқан 800 сайлауалды іс-шара өткізген.

Ақтөбеде Елбасы жақтастырының форумы, «Алға, Қазақстан» атты жүгіру жарысы өтті, «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жастар эстафетасы басталды.

Облыстық штаб жетекшісінің орынбасары Марат Тағимовтың айтуынша, облыстық, қалалық және 12 аудандық штабтан басқа өңір бойынша 526 жедел үгіт-насихат топтары жұмыс істейді. Еріктілер қатары 3 мыңнан астам адамды құрайды, оған қоса кандидаттың 1 566 сенімді тұлғалары бар.