ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласының Арай-Шұғыла шағын ауданында қоқыс үйінділері, қараңғы көшелер мен қаңғыбас иттер тұрғындардың бас ауруына айналған.
Әсіресе, № 15 мектеп-лицей оқушыларының қауіпсіздігі қатты алаңдатады. Тұрғындар бұл туралы әлеуметтік желіде дабыл қағып, жауапты мекемелерден нақты іс-шара қабылдауды сұрады.
Бұған дейін Қызылорда қаласындағы бірқатар көшенің тұрғындары асфальтсыз жолдың азабын тартып отырғанын айтып, шағымданды.
Назерке Саниязова
Қорқыт ата атындағы ҚМУ түлегі. Республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында, басылымдарда түрлі қызмет атқарған. 2025 жылғы наурыздан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі.