«Көкнәр-2015» операциясы кезінде 65 келіге жуық героин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көкнәр-2015» операциясы кезінде 1200-ден астам есірткі қылымысы анықталды. Бұл туралы ішкі істер органдарының 1 маусымнан 31 қазанға дейін өткізген аталған операциясының қорытындысында хабарланды.

«Көкнәр-2015» операциясында 1291 есірткілік құқық бұзушылық қылмысы тіркелді. Оның ішінде 733 сату фактісі, 58-і контрабанда анықталап, 5 ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарын әрекетінің жолы кесілді, сондай-ақ құрамында есірткісі бар өсімдік өсірудің 130 фактісі белгілі болды», - деп атап өтілген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Заңсыз айналымнан 94 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 61,3 тонна өсірілген қарасора өсімдігі, 65 келіге жуық героин, 193 келі гашиш, 31,3 тонна марихуана тәркіленді. Тиісінше 25 млн. аса біржолғы есірткілік дозалар заңсыз айналымға жеткізілмеді.