«Көкнәр -2016» жедел-алдын алу шарасы барысында 35 тонна есірткі табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Көкнәр -2016» жедел-алдын алу шараларын жүргізу кезеңінде 35 тоннадан астам есірткі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетовке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін біз «Көкнәр -2016» жедел-алдын алу шараларын қорытындыладық. Операция 30 мамыр-31 қазан күндері аралығында жүрді. Шара барысында 35 тоннадан астам есірткі таптық, оның ішінде 122 келі героин, 230 келі гашиш бар», - деп мәлім етті С.Күсетов. Операция кезеңінде ішкі істер органдары көп күш салды, арнайы бөлімшелер атсалысты және ұшыру аппараттары қолданылды, сондай-ақ «Рубеж» бекеттерінде жұмыстар ұйымдастырылды», - деді ол.