«10 мамыр күні сағат 07:00 шамасында Петропавл – Нұр-Сұлтан күре жолының 387-ші шақырымында Daewoo Ravon көлігін жүргізіп келе жатқан 1975 жылғы Ақмола облысында тұратын әйел жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, онда Петропавл тұрғыны жүргізіп келе жатқан «МАЗ» көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Ravon көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды», - деп хабарлады Тайыншы аудандық полиция бөлімінен.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.