Полицейлердің мәліметі бойынша, 28-30 қыркүйек күндері аралығында тәртіп сақшылары мен қоғам өкілдері бірлесіп, облыс аумағында «Құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» акциясын өткізді. Аталған акцияның басты мақсаты - тұрғындардың ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге жол бермеуін және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында Көкшетау қалалық ІІБ учаскелік инспекторлары мен жедел жастар отрядының өкілдері көшеге шығып, тұрғындарды тазалыққа шақырды. Әсіресе, қала тұрғындарына қоғамдық тәртіп пен тазалықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы үндеу қағаздар таратылды.
«Бір тәуліктің ішінде 688 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 506 жол қауіпсіздігі бойынша анықталып отыр. Осыған байланысты, жалпы, 20 адам ұсақ тәртіпсіздік жасағаны үшін ҚР ӘҚбК 434-бабы бойынша жауапкершілікке тартылса, 79 құқық бұзушылық, яғни, қоғамдық жерде алкоголдік ішімдік ішу немесе мас күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚбК 440-бабы бойынша анықталды.
Оған қоса, қоғамдық жерде темекі шеккен 22 құқық бұзушылық тіркеліп, қоғам тыныштығын бұзғандарға қатысты 5 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, абаттаныдыру ережесін бұзғандарға қатысты 32 хаттама, ит пен мысықты ұстау ережесін бұзғандарға қатысты 14 хаттама толтырылды. Бұдан басқа, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз серуендеп және түнгі клубтарға баруы, спирттік ішімдік ішіп алып көлік тізгіндеген жүргізушілерде анықталып, әкімшлік жауапкершліккек тартылды», деп түсіндірді полицейлер.